Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ҚазҰУ‑да Tus‑Holdings Co. компаниясымен бірлескен бизнес‑инкубатор ашылды
Жаңалықтар

ҚазҰУ‑да Tus‑Holdings Co. компаниясымен бірлескен бизнес‑инкубатор ашылды

21.06.2025235 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Farabi HUB инновациялық даму орталығында TusPark Business Incubator Co. бизнес‑инкубаторы ашылды.

Ғылыми әзірлемелер көрмесімен басталған шара барысында  стартап жобалар мен студенттік бизнес‑инкубатор байқауы жеңімпаздарының жұмыстары таныстырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы–ректор Жансейіт Түймебаев бизнес-инкубатордың ашылуында  сөз сөйлеп, жоба Президент Қасым‑Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған міндеттемелерді жүзеге асыруға бағытталғанын жеткізді. Жолдауда: «Бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керек», – делінген.

«Бірлескен инкубатор – бұл инновациялық экожүйеге біріктірілген заманауи инфрақұрылымдық-ұйымдастырушылық платформа. Оның қызметі стартаптарды қолдау мен дамытуға бағытталады. Басты назар DeepTech, цифрлық, биотехнологиялық, биомедициналық және «жасыл» технологияларға аударылады. Инкубатор ғылыми әзірлемелерді бизнес-шешімдерге айналдырудағы озық халықаралық тәжірибені пайдаланып, инновациялық жобалардың жаһандық нарықтарға шығуына ықпал ететін болады», – деп атап өтті ректор.

Шарада Tus‑Holdings Co., Ltd компаниясының атқарушы президенті Джиншен Чжан бірлескен жобаның технологияларды трансферлеу, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және тұрақты бизнес‑модельдерді құруға тиімді платформа болатынын атап өтті.  TusHoldings Co., Ltd үшін жаңа кезең – кешенді инновациялық және инвестициялық қызмет көрсететін платформа, ол Цинхуа университетінің (ҚХР) стратегиялық құрамдас бөлігіне айналмақ. Айтуынша, ғылыми және технологиялық жетістіктерді трансформациялау, стартаптарды инкубаторлау және инновациялық таланттарды дамыту миссиясын атқаратын болады. Жаңа бизнес‑инкубатор университет және Қытай ғалымдары арасындағы ғылыми‑инновациялық серіктестікті нығайтатын және кәсіпкерлік бастамаларды қолдайтын маңызды платформа болатыны анық.

Шараға қатысушылар TusPark бизнес инкубаторы, «Қашықтықтан зондтау технологиясы мен оларды қолдану» Қазақстан‑Қытай бірлескен зертханасы және суперкомпьютер кластері қызметімен танысты.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

27.08.20256 432 Views

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

27.08.202510 839 Views

«Қолжетімді емхана»: скринингпен қамтылған қазақстандықтардың саны 4 миллионға жетті

27.08.2025311 Views
Соңғы жаңалықтар

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

27.08.2025

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

27.08.2025

«Қолжетімді емхана»: скринингпен қамтылған қазақстандықтардың саны 4 миллионға жетті

27.08.2025

«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

27.08.2025

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.08.2025

Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды

27.08.2025

Қазақстанда 90 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті

27.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.