Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Мойынты – Қызылжар желісінің құрылысында теміржол жолдарының түйісуі аяқталды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырудағы маңызды кезең. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, халықаралық көлік бағыттарын кеңейтуге және экспорттық тасымалдар көлемін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңа теміржол желісінің құрылысы жоғары қарқынмен және бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінде нысанда 2 мыңға жуық маман және 700-ден астам техника жұмылдырылған.

Жұмыстарды орындау барысында күрделі учаскелердегі құрылыс процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешімдер қолданылуда. Атап айтқанда, көпір құрылыстарында теміржол жолы айналма желілерді қолдану арқылы төселуде. Бұл тәсіл жұмыстардың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімдерді сақтауға мүмкіндік береді.

Ұзындығы 323,3 шақырым болатын жаңа теміржол желісі Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумағы арқылы өтеді. Пайдалануға берілгеннен кейін ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліздің) маңызды буынына айналып, өңірлердің көлік байланысын нығайтып, жүк тасымалының тиімділігін арттырады деп күтілуде.

Өз кезегінде, жобаны жүзеге асыру жүк тасымалы бағытын 149 шақырымға қысқартуға, Мойынты – Жарық теміржол учаскесіне түсетін жүктемені азайтуға, контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға және жүк пен транзиттік тасымалдардың өткізу қабілетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бекітілген кестеге сәйкес, теміржол желісін пайдалануға беру осы жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.