Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Спорт

NEET санатындағы жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі мәресіне жетті

02.06.2025

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген 30 жас бақ сынады.

Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар.

Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннисі орталығында өтті. Аталмыш шараға «Қазына», «Арыстан», «Арлан»,  «Саламат», «Тиграхауд» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен жұмыссыз жастар қатысты.

Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Арыстан» базарының үстел теннисшілері иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Ал екінші орын алған «Тиграхауд» базарының жастары 150 мың теңгенің сертификатын олжалады. Үшінші орынды «Жаңа Ялян», «Сары-арқа» базарының ойыншылары өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгенің сертификаттарын еншіледі.

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан, волейболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша 30 ойыншының қатысуымен турнир ұйымдастырылмақ.

Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен медаль, кубоктарды үстел теннисінен халықаралық спорт шебері Игорь Медведев табыс етті. Турнирге белгілі спорт шебері Алексей Тимченко төрелік жасады.

«Social project management» орталығы

Оқи отырыңыз...

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.