Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында заң талаптарын бұзған 78 медициналық ұйымның лицензиясы қайтарып алынды. Олардың қатарында стоматологиялық клиникалар да бар.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, аумақтық департаменттер жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша бірқатар ұйымды лицензиясынан айыру туралы сотқа жүгіну рәсімдері басталған.
Министрлік бұл шаралар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауына және қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Ведомство медициналық көмек көрсету құқығы заң талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз орындаумен қатар жүруге тиіс екенін еске салды.

