Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адам ауруханада қайтыс болған.
«Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам кейін ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендер бар. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта жол апатының нақты себебі мен зардап шеккендердің саны анықталып жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және рөлде мұқият болуға шақырды.

