Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды
Жаңалықтар

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

15.10.2026714 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылдың тоғыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасына 1 миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Былтырғы тоғыз айда 978 мың бос жұмыс орны тіркелген болатын. Жалпы, платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жұмыс берушілердің белсенділігі әсіресе қыркүйек айында артқан. Осы айда 254 мың бос жұмыс орны ұсынылып, бұл тоғыз айдағы жалпы көрсеткіштің 23,2%-ын құрады. Қыркүйектегі көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Бос жұмыс орындарының саны барлық салада артты. Әсіресе сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік салаларында өсім байқалған.

2026 жылдың тоғыз айында жарияланған бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі. Оның үлесі – 26,3%. Одан кейін басқа қызмет түрлері – 13%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 7,2% және мемлекеттік басқару – 6,8%.

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының ең көп үлесі Астана қаласында – 8,7%, Алматы қаласында – 8,4%, Қарағанды облысында – 6,8%, Түркістан облысында – 6,7% және Павлодар облысында – 6,3% тіркелген.

Бос жұмыс орындарының басым бөлігі орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандарға арналған. Олардың үлесі – 42,1%. Жоғары білікті мамандарға арналған жұмыс орындары 32,7%-ды, ал арнайы біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар 25,2%-ды құрайды.

Жұмыс берушілер көбіне медбикелерді, автокөлік жүргізушілерін, тәрбиешілерді, математика мұғалімдерін, бухгалтерлерді және аспаздарды іздеген. Сондай-ақ жоғары білікті мамандардың ішінде әлеуметтік педагогтер мен мектеп психологтарына да сұраныс бар.

2026 жылдың тоғыз айында жұмыс іздеушілер Enbek.kz платформасына 1,2 миллионға жуық түйіндеме орналастырған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп.

Enbek.kz электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушілерге түйіндемесін орналастырып, өзіне лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер платформа арқылы бос жұмыс орындарын ұсынып, қойылатын кәсіби талаптарға сәйкес келетін мамандарды іріктей алады.

Электронды еңбек биржасы жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеу үдерістерін бір цифрлық платформада біріктіреді. Пайдаланушылар өз талаптарына сәйкес іздеу параметрлерін белгілеп, еліміздің түрлі өңірлеріндегі еңбек нарығындағы ұсыныстармен таныса алады. Жұмыс мүмкіндіктерін қарастыру және түйіндеме орналастыру үшін Enbek.kz платформасын пайдалануға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

15.10.2026507 Views

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады

15.10.2026418 Views

Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді

15.10.2026381 Views
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

15.10.2026

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

15.10.2026

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады

15.10.2026

Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді

15.10.2026

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

15.10.2026

Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

14.10.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.