Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді
Жаңалықтар

Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді

15.10.2026381 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда халыққа коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй көмегі түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау тетігі қарастырылған. Өңірлік мәслихаттар коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынның отбасы табысындағы шекті үлесін 5%-дан 10-ға дейін белгілейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен 400 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленіп, 8 мың адам қолдау алып отыр», – деді спикер.

Сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтерінің құнын субсидиялау тетігі қарастырылған. Оның аясында ауыз суды жеткізу құнының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Бұл халық үшін су тарифін қызметтің толық құнынан төмен деңгейде белгілеуге мүмкіндік береді. Субсидия азаматтарға тікелей берілмейді, су шаруашылығы ұйымдары мен сумен жабдықтау кәсіпорындарына аударылады.

«Мысалы, судың бір текше метріне бекітілген тариф 500 теңге, ал халық үшін төлем мөлшері 120 теңге болса, арадағы 380 теңге айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Биыл осы бағытқа жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 28 млрд теңге бөлінді. Жалпы, мемлекет сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

15.10.2026714 Views

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

15.10.2026507 Views

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады

15.10.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

15.10.2026

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

15.10.2026

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады

15.10.2026

Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді

15.10.2026

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

15.10.2026

Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

14.10.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.