Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Спорт»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН БАПКЕРІНЕ ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК КІЛТТЕРІН ТАБЫС ЕТТІ
Спорт

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН БАПКЕРІНЕ ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК КІЛТТЕРІН ТАБЫС ЕТТІ

26.09.2025267 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен,жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті.
Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтау үшін басқосуға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен жергілікті спортшылар қатысты.
​Аймақ басшысы бұл жеңіс Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын айтты.
​«Бүгін – біздің өңіріміз үшін ерекше қуанышты күн.Спорт әлеміндегі биік белесті бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын төрткүл дүниеге танытқан жерлесіміз, мақтанышымыз Айдос Сұлтанғалиұлын грек-рим күресінен Әлем чемпионы атануымен құттықтау үшін арнайы бас қостық.


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор», – деп ерекше атап өткен болатын.
Айдос Сұлтанғалиұлы жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында араға 26 жыл салып, қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетістікке қол жеткізді. Осы тарихи жеңіс барша Қазақ елінің, Сыр жұртшылығының мерейін үстем етті.
Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының алтын медалін елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афины қаласында өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян (63 кг) алып келген болатын.Араға ширек ғасыр салып, жерлесіміз Айдос Сұлтанғали әлемдік аренада топ жарды.
Чемпионымызды Мемлекет басшымыз арнайы құттықтап «Айдос – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз»,– деп жоғары бағалады.


Бұл жеңіс – жас балуандарымызға үлгі-өнеге, еліміздің спортына серпін беретін жоғары жетістік.
Айдос бауырымыздың жеңісіне бапкері Ғабиден Райымбекұлының сіңірген еңбегі зор. Ол тек спортшыны емес, нағыз батыр азаматты тәрбиелеп шығарды. Шәкіртінің әрбір жеңісі бапкерінің маңдай терінің жемісі деп санаймыз.
Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан
Айдос бауырымызға, бапкері Ғабиденге жаңа пәтер кілттерін,
«Қор» мұнай компаниясының қолдауымен су жаңа
автокөліктің кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер.
Айдосқа бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табысталған. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн. теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады. Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз.», – деді Н.Нәлібаев.


Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмағали Киікбаев сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Басқосуда сөз алған грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Ғабиден Райымбек, грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиұлы көрсетілген құрметке алғыс білдірді.
Еске салайық, өңірде спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Өңірімізде соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді, биыл тағы 6 нысан ел игілігіне табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

23.01.2026652 Views

ҚР Туризм және спорт министрлігі: балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады

08.01.2026198 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025121 Views
Соңғы жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

27.01.2026

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026

Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі

23.01.2026

Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты

23.01.2026

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

23.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.