Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді. Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.

