Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
Аймақ жаңалықтары

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

08.10.2026216 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау, ал оны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 60 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы – жылына 256 млн бірлік шыны ыдыс өндіруді құрайды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шыныдан жасалған өнімнің өзіндік өндірісі жоқ. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыстың өндірісін ұлғайтуға және оның ішкі нарықтағы ұсынысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-на дейін Қазақстанда сату, қалған бөлігін Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығару жоспарланған.

Өндіріс шикізатты сұрыптаудың, технологиялық үдерістерді басқарудың және сапаны бақылаудың заманауи автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылады. Өнімді шығару кезінде отандық табиғи минералды шикізат, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің тауарлары, жұмыстары мен қызметтері пайдаланылмақ.

Жоба сонымен қатар қайталама шикізатты пайдалануды біртіндеп арттыруды көздейді. Жобаны қаржыландыру кезеңінде оларды өндірісте қайта пайдалана отырып, 245 мың тоннадан астам шыны қалдықтарын қайта өңдеу жоспарланған.

Жоба аясында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық мамандар үшін үздіксіз оқыту және біліктілікті арттыру көзделген.

Кәсіпорынның іске қосылуы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тарапынан қосымша сұраныс туғызады: отандық шыны ыдыстың ұсынысын ұлғайту жеткізу мерзімдерін қысқартуға және аралас салалардағы кәсіпорындарды жабдықтаудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қайталама ресурстар секторы да дамиды – ең алдымен, шыны сынықтарын жинау, сұрыптау және кейіннен оларды қайта өңдеп, өндірісте қайта пайдалану үшін шоғырландыру бағытында жұмыс жүргізіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026283 Views

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026627 Views

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

08.10.2026776 Views
Соңғы жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

08.10.2026

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

08.10.2026

Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

08.10.2026

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.