Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Спорт

Базар жастары арасындағы футбол турнирінде үздіктер анықталды

01.06.2026

Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді.

Турнир екі алаңда қатар өтті.

Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда келесі кезеңге шықты. Нәтижесінде 16 команда ішінен 8 команда ширек финалға суырылып шығып, озғандары жартылай финалға жолдама алды. Олар: «Кенжехан», «Байсат-1», «Саламат-2», «Арыстан» командалары. Турнир ережесіне сай жартылай финалда «Арыстан» мен «Саламат-2», «Байсат-1» мен «Кенжехан» командалары бақ сынасты.

«Арыстан» мен «Саламат-2» командалары арасындағы ойын барысында екінші команда пас беруде ұйымшылдық жағынан қарсыластырынан бір саты жоғары тұрды десек болады. Олар екі тайм қорытындысы бойынша арыстандықтардың қақпасын екі гол салып,  ойын 1:2 есебімен аяқталып, «Саламат-2» командасы келесі кезеңге өтті.

«Кенжехан» мен «Байсат-2» командалары арасындағы ойын өте сұрапыл болды. Негізгі ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын пенальти сериясына жетті. Кезек кезек тебілген пенальтилер сериясы бойынша байсаттықтар «Кенжехан» командасының жігіттеріне 3:1 есебімен жол берді.

Финал!

 «Саламат-2» мен «Кенжехан» командалары Алтын медаль мен кубок үшін жан алысып жан берісті. Финалдық бәсекедегі екі команданың шабуылшылары бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты.  Дегенмен 2:1 есебімен «Саламат-1» командасының бағы жанып, бас жүлдені өз қанжығасына байлады.

Осылай «Саламат-2» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен шағын футбол турнирдің жеңімпазы атанып, кубокты иеленді.

Турнир қортындысы бойынша бірінші орын алған «Саламат-2» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Кенжехан» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Байсат-2» мен «Арыстан» командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

«Social project management» орталығы

Оқи отырыңыз...

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.