Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Спорт

Волейбол турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

28.07.2025

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және тағы басқа базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды. Турнир ережесіне сай командалар екі сет ойнауға тиіс болды, егер ойын 1:1 есебімен аяқталса, үшінші сет ойнатылды. Сөйтіп жеңімпаз 2:1 есебімен анықталып отырды.

Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Ақбұлақ», «Арыстан», «Жаңа Ялян», «Батыр» командалары жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Ақбұлақ” базарынан келген команда иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Арыстан” базарының ойыншыларына бұйырып, олар 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Жаңа Ялян” базары мен “Батыр” базарының волейболшылары 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан турнирлер өткен болатын. Бүгінгі волейбол жарысы осы жоба аясында өткен төртінші турнир. Алдағы уақытта баскетболдан турнир өткізу жоспарланып отыр.

Social project management орталығы

 

Оқи отырыңыз...

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.