Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»2025 жылдың басынан бері 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды – ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

22.07.2025202 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде «ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда.

Жаңа ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 19 қаласында және 7 ауданында іске асырылды. Ол арқылы 300 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білімге қол жеткізді, ал кезек 44 пайызға қысқарды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейді. Жыл басынан бері олардың саны 4,2 мыңнан 5,5 мыңға дейін артты.

Бұдан бөлек, 260 мемлекеттік балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде және олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.