Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады. Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ішкі…
Автор: un_admin
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуде. Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы өндіріс мәдениеті мен дамыған инфрақұрылымның үлгісіне айналған Родина ауылына барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жүйелі мониторинг деректеріне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша елдегі сөрелерде отандық өнімдердің үлесі 83%-ға жетті. Жекелеген санаттар бойынша, мысалы сүт өнімдерінде, қазақстандық брендтердің үлесі 70%-дан 90%-ға дейін өзгеріп отыр. Осы нәтижелерді бекіту мақсатында министрлік сауда желілері, кәсіпкерлер палаталары және аумақтық сауда департаменттері арасында үшжақты меморандумдар тетігін белсенді қолдануда. Бұл келісімдер…
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған нақты шаралар қаралып, бекітілді. Біріншіден, енгізілетін жаңашылдықтарға сәйкес азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әрекеттер арасындағы аралықты кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады. Айта кету керек, қазіргі уақытта азаматтарға 3 тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екі мүмкіндік –…
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жеміс-көкөніс өнімдерін терең өңдеуге арналған жаңа технологияны әзірледі. Бұл технология табиғи тікелей сығылған шырындар, джемдер мен жоғары функционалдық қасиеттері бар пюре өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Аталған әзірлеме Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласына айтарлықтай тың серпін береді. Елде жыл сайын 3,5 млн тонна өнім өндірілгенімен, оның тек 5%-ы ғана өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. Ал сақтау кезіндегі шығындар 30%-дан асады. Нәтижесінде консервіленген өнімдер нарығындағы импорттың үлесі 80–85%-ға дейін жетіп отыр. Жобаның негізгі мақсаты — отандық функционалдық өнімдерді әзірлеу және ресурсты үнемдейтін, қалдықсыз технологияларды енгізу арқылы табиғи шырындар ассортиментін…
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Премьер-министр экономиканың өсу құрылымына тоқталып, салалардың үлесі мен сыртқы факторлар аясында ішкі экономиканың тұрақтылығын ерекше атап өтті. «Аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%, көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу…
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылу барысы қаралды. Негізгі баяндаманы қаржы министрі Мәди Такиев жасады. Оның мәлімдеуінше, трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 931 млрд теңгеге артық. Нақтырақ айтқанда, ол республикалық бюджет 4,2 трлн теңге түсімді қамтамасыз ете отырып, 102%-ға атқарылғанын атап өтті. Түсімге сыртқы факторлар айтарлықтай әсер етті: мұнайдың орташа бағасы барреліне $80,6 болғанда, экспорттық кедендік баж салығы бойынша қосымша 40,5 млрд теңге өндірілді. Сонымен қатар теңге бағамының неғұрлым күшеюі (540 болжам бойынша бір доллар үшін 497,7) республикалық бюджет кірісін 146 млрд теңгеге шектеді. «Есепті кезеңде…
Бүгін Арал қаласында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Мәжіліске облыстық және аудандық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Жиынды комиссия төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов жиындағы кіріспе сөзде өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарының даму барысына тоқталды. Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы С. Сахиев облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы…
Қызылорда қалалық ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының І іріктеу кезеңі өтті. Жүйріктердің басты додасына еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық шабандоз қолтума құнан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, қолтума аламан бәйге бойынша бақ сынасты. Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Бәйге федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев, ҚР Грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қатысты. Ардақ Зебешев ұлттық спортты дамытуда ат бәйгесінің ерекше маңыздылығына тоқталып, шабандоздарға сәттілік тіледі. «Қазақ ұғымында жылқы қашан…
Фермерлердің су үнемдейтін жабдыққа қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы, Астана және Алматы қалаларында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын өндіретін бес отандық зауыт жұмыс істейді. 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру шеңберінде суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық шығындарды субсидиялау көлемі 214 млрд теңге көлемінде жеке бағыт ретінде қарастырылған, бұл алдыңғы үшжылдықтағы көлемнен 4 есе артық. ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған. «Сонымен қатар жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері инвестициялық субсидияларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың жеке…
Су үнемдеу жөніндегі жол картасы шеңберінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, орта және жоғары оқу орындарында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2025 жылдан бастап әуежайларда, қоғамдық көліктерде және әкімшілік ғимараттарда ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында айтты. Осы мақсатта «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында Министрлік тарапынан 2025 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. «Су үнемдеу тиімділігінің символына айналған «Тамшы» анимациялық…
