Сыр бойындағы тіршілікке тірек болған Арал өңірі соңғы жылдары жаңа серпінмен дамып келеді. Мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, денсаулық сақтау мен білім беру нысандарын жетілдіру, ауыл шаруашылығын ілгерілету бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауданда жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылуда. Осы және өзге де маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ауданға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды. Сексеуіл кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, нысан қыркүйек айында пайдалануға беріліп,…
Автор: un_admin
Қазалы ауданы бүгінде Сыр өңірінде әлеуметтік-экономикалық серпін алған аудандардың қатарында. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл-аймақтарды дамыту, білім мен мәдениет саласындағы инфрақұрылымды күшейту — аудан басшылығының басты назарындағы мәселе. Осы мақсатта аудан көлемінде көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстарды көзбен көру, елге кеңінен ақпарат тарату мақсатында Қазалы ауданына арнайы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Баспасөз туры аясында журналистер ауданның бірқатар маңызды нысандарымен танысты. Алдымен Қарлан учаскесіндегі темірбетонды көпірдің құрылыс жұмыстары көрсетілді. Бұл көпір — ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Құрылыс толық аяқталғанда жолаушылар мен жүк тасымалының қозғалысы айтарлықтай жеңілдейді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен ауылдар арасындағы…
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Көзделген мақсат – eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді. Сондай ақ спикер «Jauynger.gov.kz» қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді. «Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери…
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС құрылтайшыларының бірі Нұржан Ниязалиев және компанияның бас директоры Сәуле Жаңабаевамен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды. Аталған компания туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше визит-орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министрлік ішкі туризмді дамыту бағытында отандық кәсіпкерлерді кеңінен тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Түркістан облысындағы көне Отырар қаласында визит-орталық салу жобасы қолға алынбақ. Инвесторлардың айтуынша, жоба тұжырымдамасы әзірленген кезде Отырардың тарихи мұрасына, әсіресе орта ғасырларда әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі саналған әйгілі Отырар кітапханасына ерекше назар аударылған. Жаңа визит-орталық…
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сыр өңірінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бюджет қаражатымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, саябақтар мен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөнделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Президент және Денсаулық саябақтарының аумағы біртұтас кешен ретінде жаңғыртылуда. Аумағына халық сұранысына сай автокөлік тұрағы салынып, гүлзарлармен көмкеріледі. Көлемі 64,5 гектар болатын бұл кешенде жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, ашық сахна, спорттық алаңдар, балалар ойын аймақтары, демалыс орындары мен көлеңкелі…
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуімен «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл –өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, экономиканың негізгі секторларын индустриаландыру, инфрақұрылымды озыңқы нығайту, ШОБ пен отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту сапалы жұмыспен қамту өсуінің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Тұжырымдамаға сәйкес биыл ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға…
Жастар саябағында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл іс-шара елімізде кеңінен танылған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Игі бастамаға 150-ден астам жас ерікті қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жастар күні бойы саябақ аумағында тазалық жүргізіп, 200-ден астам ағашқа су құйып, қоршаған ортаны жасыл желекпен көмкеруге атсалысты. Шара барысында саябақ ішіндегі қоқыс пен арам шөптер жиналып, жалпы салмағы 150 килограмнан асатын 18 қап қалдық шығарылды. Экологиялық шара мұнымен шектелмеді. Жастар арасында өткізілген «Кітап алмасу» акциясы да ерекше қолдау тапты. 30-дан астам жас өздері оқып шыққан кітаптарын жаңа…
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда. 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде волонтерлердің қатысуымен 27 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Наурыз айында бастау алған «Жақсылық жаса» марафоны бүкіл ел аумағында жалғасуда. Осы уақыт ішінде әлеуметтік, экологиялық және мәдени бағыттарды қамтыған 1600-ден астам игі іс атқарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ТМД елдері волонтерлерінің форумын өткізуге арналған халықаралық ереже әзірленіп, ереже негізінде жыл сайынғы Волонтерлер форумы құрылды. Сонымен…
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналатын Safi Holding жылына 140 мың тоннаға дейін қант өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Зауыттың қызылша өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 150–200 миллион АҚШ доллары. Қазіргі уақытта инвесторлар зауытты орналастыру үшін қолайлы өңірлерді қарастыруда. Орналасатын орынды таңдаудағы басты факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды егістік жер көлемінің жеткіліктілігі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі. ҚР Ауыл…
