Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жаз бойы Enbek.kz арқылы 5 мыңнан астам жасөспірім ресми жұмысқа орналасты

04.09.2025
2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім құрылды. Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалпы, жаз айларында 16-18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялады.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап ресми түрде жұмыс істеуге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға ғана рұқсат етіледі.

Осы талаптарға сай келетін шамамен 80 мамандық белгіленген, олардың қатарына тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, SMM-менеджер, курьер және басқа да қызметтер жатады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Менің жазғы каникулым» бөлімінде 305 жұмыс берушіден осындай 2,1 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Бұл бос жұмыс орындарын тікелей жұмыс берушілердің өздері ұсынады, сондықтан кейбір өңірлерде мұндай ұсыныстар болмауы мүмкін. Бұл функционал кәмелетке толмағандарды каникул кезеңінде жұмысқа орналастыру үшін алдағы уақытта да қолжетімді болады. Ол үшін жұмыс беруші бос жұмыс орнын жариялаған кезде тиісті белгіні қоюы қажет.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.