Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Батыс Қазақстан облысын сумен жабдықтауға 5,5 млрд теңге бөлінді
Аймақ жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысын сумен жабдықтауға 5,5 млрд теңге бөлінді

03.09.2025528 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Фото: Ашық дереккөз

Президенттің әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді.

4,3 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі сомасы 9 нысанға бөлінетін болады.

  • 1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан астам тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға;
  • 2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды.

Сонымен қатар бұған дейін Бәйтерек ауданының Кирсанов ауылын сумен қамтуға және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта құруға 1,2 млрд теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда бұл жобалардың 60%-ы орындалған.

Аталған шаралар Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында қазір сумен қамту деңгейі қалаларда – 100%, ауылдық елді мекендерде – 97% болып отыр.

Бүгінгі күні Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына 375 млрд теңге бөлінген. Олардың қатарында мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, сумен жабдықтау инфрақұрылымы және басқа да нысандар бар. Соның ішінде 44 нысан толық аяқталып, пайдалануға берілген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20260 Views

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

21.08.2026

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.