Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Найзағай ойнап, дауыл тұрады: 29 тамызға ауа райы болжамы
Жаңалықтар

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: 29 тамызға ауа райы болжамы

29.08.2025222 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

29 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық, найзағай, шаңды дауыл және екпінді жел болады. Кейбір өңірлерде 35-41 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында rкүші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды.

Ұлытау облысында 35 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады

Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дуыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болады.. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайдыі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық болады. Алматыда күндіз 35 градус қатты болады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.