Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қонаевта ауқымды газдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр

20.08.2025
Қонаев қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл іс-шаралар қаланы дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында іске асырылып, газдандыру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумақтарында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Жобаның жалпы инженерлік желілерінің ұзындығы 89 шақырымды құрайды, оның ішінде 7 шақырымы салынды. 7 мыңнан астам стояк орнатылып, қалған жұмысты атқаруға қажетті құбырлар сатып алынды. Қазіргі уақытта құрылыс көлемінің 20 пайыздан астамы игерілді.

Құрылыстың жалпы ұзақтығы 14 айға есептелген. Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, одан кейін іске қосу-реттеу кезеңі басталады. Табиғи газды үйлерге қосу 2026 жылдың наурыз айына белгіленген. Барлық рәсімдер аяқталған соң желілер пайдаланушы ұйымның балансына беріліп, техникалық шарттар беру басталады.

Сонымен қатар, Кешенді жоспар аясында ауылдарды, бау-бақша серіктестіктері мен жаңа шағын аудандарды газдандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алдағы маңызды міндеттердің бірі – автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) салу, бұл өз кезегінде отын жеткізудің сенімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қонаевта 6 618 тұтынушы табиғи газға қосылған. Оның ішінде 5 699 пәтер, 28 кәсіпорын және 78 шағын коммуналдық нысан бар. Жақын маңдағы елді мекендерді ескере отырып, қаланың газдандыру деңгейі 42 пайызға жетті.

Аталған жобаларды жүзеге асыру қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызуға, дәстүрлі энергия көздеріне түсетін жүктемені азайтуға және қаланың коммуналдық инфрақұрылымын тұрақты дамытуға ықпал етпек.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.