Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»ХАМАС Газадағы соғысты тоқтату туралы жаңа ұсынысты қабылдады
Әлем жаңалықтары

ХАМАС Газадағы соғысты тоқтату туралы жаңа ұсынысты қабылдады

19.08.2025625 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл бастаманы араағайын ретінде қатысқысы келген Мысыр мен Катар ұсынғанын Al Jazeera телеарнасы хабарлады.

«Біз олардың кеше ұсынған бастамасын қабылдағанымызды делдалдарға жеткіздік», — деп мәлімдеді ХАМАС өкілі.

Телеарна дерегінше, бұл шешім Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман бин Жасим Әл Тани мен Мысыр президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси Каирде келіссөз жүргізгеннен кейін қабылданған.

ХАМАС өкілдері сонымен қатар Газадағы атысты тоқтату жөніндегі ұсынысқа оң жауаптарын ресми түрде делдалдарға жолдағанын растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қозғалыс Мысыр мен Катардан палестиналық анклавтағы қақтығысты реттеу туралы жаңа ұсыныс алған еді. Ал Израиль премьер-министрінің кеңсесі Тель-Авив палестиналық қозғалыспен бейбіт келісім жасауға дайын екенін, бірақ ол үшін барлық тұтқындарды бір мезетте босату қажет екенін хабарлады.

Сондай-ақ Израиль үкіметі елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуның Газа анклавындағы аттас қаланы басып алу туралы шешімін мақұлдады. Бұл туралы Axios порталының журналисі Барак Равид хабарлады.

“Израильдің қауіпсіздік кабинеті премьер-министр Нетаньяхуның Газа қаласын басып алу жөніндегі ұсынысын мақұлдады”, — деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде дереккөзге сілтеме жасап.

Нетаньяху халықаралық және ішкі сынға қарамастан, бүкіл Газа секторын бақылауға алуды көздеп отыр.

Бұған дейін Нетаньяху үкіметпен бірге Газа секторын толық басып алу туралы бұйрық беруге дайындалып жатқаны хабарланған еді. Ynet порталының дерегінше, Израиль бүкіл анклав аумағында белсенді әскери операцияларға көшуді жоспарлап отыр, соның ішінде тұтқындар ұсталып отырған аудандарда да ұрыс жүргізілмек.

Фото: БАҚ

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026896 Views

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026719 Views

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.20264 221 Views
Соңғы жаңалықтар

5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» іс-шарасы өтті

07.08.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

07.08.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДА СУ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

07.08.2026

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

07.08.2026

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.2026

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.