Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Неміс генералы: Ресей алдағы жылдары Германияға шабуыл жасамайды
Әлем жаңалықтары

Неміс генералы: Ресей алдағы жылдары Германияға шабуыл жасамайды

05.08.20255 575 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Германия Ресей тарапынан жақын арада шабуыл күтуге негіз жоқ деп санайды.

Бұл туралы Бундесвердің генерал-майоры Андреас Хенне мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге қатысты ұстамдылық саясатын ұстану қажет.

Жаңадан құрылған аумақтық қорғаныс дивизиясының командирі, генерал-майор Андреас Хенне 4 тамызда Focus журналына берген сұхбатында Германияға алдағы бірнеше жылда Ресей әскерінің басып кіруінен қорқудың қажеті жоқ екенін айтты.

Хенне Балтық елдерінде Ресейден келетін қауіпке байланысты “іргелі мазасыздық” барын мойындады. Алайда ол Мәскеу НАТО елдеріне жақын арада шабуыл жасайды деген пікірмен келіспейді.

“Бұл жағдайда алаңдауы тиіс біз емес, Ресейдің өзі. НАТО-ға кез келген ел оңайлықпен қарсы келе алмайды. Ал Ресей Украинада батпаққа батып қалды, әрі қарай ілгері шабуыл жасауға қауқарсыз. Мұны мен әскери сарапшы ретінде айтып отырмын. Ресейге қатысты ештеңені жоққа шығаруға болмайды, бірақ жеке өз басым алдағы уақытта бейбіт жылдар күтіп тұр деп есептеймін”, — деді Хенне.

Ол Ресей әскерінің дәстүрлі түрде шабуылға шығуы мүмкін бе деген сұраққа: “Жоқ, мен қазіргі уақытта ондай қауіп көріп тұрған жоқпын”, — деп жауап берді.

Генералдың айтуынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі Еуропадағы қауіпсіздік жағдайын түбегейлі өзгертті. НАТО бұл жағдайға бейімделіп, жаңа құрылым әзірледі. Бұл құрылым күштерді НАТО-ның солтүстік-шығыс шебіне жедел жеткізуді көздейді.

“Бұл – біздің Ресейге қорғанысқа байыппен қарайтынымызды көрсетуіміз. Мұны біз ұстамдылық деп атаймыз. Егер біз осы бағытта мықты болсақ, онда Ресеймен тікелей әскери қақтығысқа түспей қалу ықтималдығы жоғары”, — деді Хенне.

Оның айтуынша, егер НАТО-ның негізгі күштері Балтық елдеріне жіберілсе, Германия аумағы маңызды логистикалық орталыққа айналады. Ал оны қорғау міндетін жаңа аумақтық қорғаныс дивизиясы атқарады.

Генерал Ресей әскерінің Германия аумағындағы әлсіз нүктелерді, мысалы, автокөлік пен теміржол көпірлерін, электр қосалқы стансаларын дрондармен соққы жасау үшін нысанаға алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл қауіп әзірге “тек теория жүзінде” ғана, қазір Германия қауіпсіз жағдайда тұр.

Сонымен қатар Андреас Хенне Германия азаматтарын әскери қызметтен қашпауға шақырды. Оның пікірінше, бұл — сөз бостандығы мен еркін қозғалыс сияқты маңызды құндылықтарды қорғаудың жолы.

“Егер Ресей жеңіске жетсе, біз — Батыс елдері — бұрынғыдай өмір сүре береміз деп ойлау қате. Мен тек бір нәрсені ұсына аламын: Ресейге қарап көріңіздер, Польша немесе бұрынғы ГДР-ден келген адамдардан сұраңыздар, олар кеңестік басқару кезінде бостандықтың қандай болғанын жақсы біледі”, — деді генерал.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026425 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.