Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды
Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

04.08.2025209 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жоғары аудиорлық палата 2019-2021 жылдар аралығында Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тиімділігіне аудит жүргізген.

Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсынымдар берілді:

– қаражат рұқсат етілмеген бағыттарға жұмсалған жағдайда оны қайтару қағидаларын бекіту;

– пайдаланылмаған қаражатты қайтару мерзімі мен тәртібін нақтылау үшін тиісті қаулыға өзгерістер енгізу;

– нысаналы мақсатта пайдаланылғаннан кейін қайта қолдануға жол бермеу үшін бюджеттік кредиттер мен облигациялық қарыздар түрінде берілген қаражатты қайтару механизмін әзірлеу.

Нәтижесінде Бюджет кодексіне қажетті түзетулер енгізілді.

Биыл 2 шілдеде Ұлттық қормен жұмыс тәртібін жаңартатын Үкімет қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі 2025 жылға арналған бірқатар бұйрық шығарды, атап айтқанда: бюджетті атқару және оның кассалық қызмет көрсету қағидалары; қазынашылық атқару және есепке алу рәсімдері; Бірыңғай бюджеттік сыныптама; бюджет түсімдерін әртүрлі деңгейдегі бюджеттер, Ұлттық қор шоттары, бюджеттен тыс қорлар және ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу тәртібі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның жұмысы қайта ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта бұл Комиссия Жоғары аудиторлық палатаның жанында жұмыс істейді. Комиссияның жұмыс форматы мен құрамы Мемлекет басшысы қойған өзекті міндеттерді ескере отырып жаңартылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.