Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МАМАНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МАМАНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

04.08.2025433 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы» атты Жолдауында 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

Осыған орай, еліміздің барлық өңірінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбек адамын қолдау және жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды шаралар қолға алынды.
Сыр өңірінде де «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жүйелі өткізу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі жобалар жүзеге асырылуда.
Бүгін Қызылордада «Жұмысшы жас мамандар слеті» өтті. Ауқымды жиынға еліміздің бірнеше өңірінен, сондай-ақ барлық аудандар мен қалалардан 100-ден астам жұмысшы жас маман арнайы қатысты.
Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, өңірде «Жұмысшы мамандықтар жылында» атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші» деген қағида бар. Мемлекет басшысының бұл бастамасын әсіресе, жастар қауымы ерекше ықыласпен қарсы алды. Республика көлемінде түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, жастарды қолдауға бағытталған игі бастамалар қолға алынуда. Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар. Оның 19-да 45 мамандық, 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлар даярланып, жалпы 20341 студенттің 4890-ы жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Осы жылы 2 колледж базасында тігін цехы ашылды.

Халықаралық байланысты дамытуда колледждер Түркия, Қырғызстан, Германия, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Польша мемлекеттерінің 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен 161 ынтымақтастық меморандумына қол қойды. «Мансап компасы» платформасы арқылы 3000 оқушыға кәсіби бағдар берілді, 20 мың оқушыға кәсіпорын базаларына экскурсиялар ұйымдастырылып, 40 мектеп базасында бейінді сыныптар ашылды.
Өңірімізде ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда»,- деді Шахмардан Асқарұлы.
Слет жұмысы барысында жастар «Қызылорда облысының жұмысшы жас мамандарының ассоциациясын» құру бастамасын көтерді. Бұл бастама өзге өңірлерден келген қатысушыларды да қанаттандырып, зор қолдауға ие болды.
Жиын соңында еліміздің және аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жастар аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Слетке қатысушылар өңірдегі өндіріс орындарын аралап, оқу орындарының заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты.
Жастар «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытына, Бесарық ауылындағы өндірістік нысандарға, «Qaysar Arena» стадионы мен Оқушылар сарайына, сондай-ақ Теннис орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, музыкалық колледж, «Анаға тағзым», «Өнер» және «Отбасы орталықтарына» барды.
Сонымен қатар, С. Ықсанов атындағы құрылыс және бизнес, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледждерінің оқу-өндірістік мүмкіндіктері мен жабдықталу деңгейін көріп, ондағы білім беру үрдісімен танысты.
Айта кету керек, 25 шілде күні слет қатысушылары Байқоңыр қаласына арнайы сапармен барып, әлемге әйгілі ғарыш айлағы мен тарихи музейлерді аралайды. Бұл іссапар жастарға ғылыми-техникалық жетістіктерді өз көзімен көруге, сондай-ақ, Байқоңырдың ел дамуындағы тарихи маңызы жайлы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025273 Views

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025418 Views

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025327 Views
Соңғы жаңалықтар

ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚЫЗЫЛОРДА!

09.08.2025

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.