Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.2025
Жаңақорған ауданында жол сапасын арттыру, ауылішілік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің көлік қатынасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.
— Аудан халқының өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі — жол инфрақұрылымын дамыту. Биыл облыстық маңыздағы «Байкенже-Қарғалы-Шиелі» жолының бір бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Сонымен қатар аудандық маңыздағы жолдардың жағдайы жақсарып келеді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 96 пайыздан асты. Атап айтқанда, «Самара-Шымкент-Екпінді» және «Әбдіғаппар-Төлек ата-Хорасан ата» бағытындағы екі жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар толық аяқталған соң аудандық маңыздағы жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 98 пайызға жетеді. Ауылішілік көшелерге келсек, қазіргі таңда 15 елді мекенде 35 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асатын жолдарды қамтиды. Жыл соңына дейін аяқталған соң, көше жолдарының жағдайы да едәуір жақсарып, қанағаттанарлық деңгейі 66 пайызға дейін жетеді деп күтілуде. Жаяу жүргіншілер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар қосымша шаралар қабылданған. 7 елді мекенде 8 көшеге тротуарлар салынуда. Сонымен қатар, 10 елді мекеннің 27 көшесіне көше шамдары орнатылып, жарықтандыру жүйелері жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы — аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, ауданның инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртыла беретін болады,- деді Мәжит Самитұлы.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.