Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты

30.07.2025
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Яғни контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өссе, пайдаланушы 379 312, қашықтықтан 746 056 пайдаланушы кіріп, 44% артты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Сондай-ақ авторлардың рұқсатымен құжаттарды жүктеу саны 1 миллион 600 мыңнан асты.

Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейді. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланды.

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған, 64 тілдегі құжаттармен еркін танысу мүмкіндігі бар.

ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал.

Кез келген пайдаланушы интернет желісі арқылы Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана порталына тіркелусіз, еркін, авторизациясыз толық мәтінді құжаттармен таныса алады. ҚазҰЭК әлемнің 110 елінен пайдаланушылардың сенім артып, тұрақты қолданатын порталына айналып келеді. Негізгі елдер қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Нидерланды, Франция, Түркия, Қытай, Ұлыбритания және т.б. бар.

Портал көзі нашар көретін жандар үшін де қолжетімді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.