Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстан ТЖ-ға шұғыл ден қою үшін бірыңғай цифрлық радио желісін құрады

30.07.2025
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі шеңберінде ведомствоаралық УҚТ радиобайланысты дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда ТМД-да бұл жүйенің аналогтары жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан радиобайланысының шашыраңқы транкингтік желілерін біріктіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар өткізілді. Бұл қызметтер арасында бірыңғай байланыс платформасын құруға негіз болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жаңа базалық станцияның интеграциялануының арқасында Павлодар мен Түркістан қалаларында цифрлық радио желісіне қосылған 12-ші және 13-ші өңірге айналды. Бұл елдің басқа өңірлеріне  де қосылуға серпін берді.

Желіні дамыту шеңберінде Шымкент, Абай, Петропавл, Қызылорда және Ақтау қалаларында тағы 8 транкингтік базалық станция енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа қолданыстағы базалық станциялар Алматыдан Қостанайға, Түркістаннан Көкшетауға берілетін болады. Ақтөбеде монтаждау жұмыстары басталды.

Желіні пайдаланушылар санын ұлғайту және радиобайланыстың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін ауқымды техникалық қайта жарақтандыру жүзеге асырылады.

Шымкент, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола және Түркістан облыстарының департаменттері 1141 алып жүретін радиостанция, PTT үлкен кнопкасы бар 350 гарнитура, 67 мобильді және 24 стационарлық радиостанция, 35 спутниктік телефондар, 22 ұшқышсыз ұшу аппараты, 11 алып жүретін және 27 стационарлық ретранслятор сатып алады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.