Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

2025 жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

29.07.2025
Биыл алғашқы алты айда Қазақстанға Қытайдан Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері Балқаш деңгейі орта есеппен 32 см-ге, яғни Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін өсті.

«ҚХР-мен ынтымақтастық тек трансшекаралық өзендерді ғана қамтымайды. Биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжатта ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен бірлесіп кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты нығайту көзделген», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.