Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Шиелі ауданында әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыруда
Аймақ жаңалықтары

Шиелі ауданында әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыруда

22.07.2025532 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда облысының ірі аудандарының бірі – Шиеліде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іргелі бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бұл жұмыстар аясында әлеуметтік инфрақұрылым жаңғырып, жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Жақында ауданға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арнайы іссапармен барып, өңірде жүзеге асып жатқан жобалармен танысты.

Баспасөз туры барысында журналистер алдымен биыл қаңтарда ашылған «Руханият орталығына» барды. 1,6 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған бұл орталық – аудан тұрғындарының мәдени әрі рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған заманауи кешен. Мұнда түрлі шығармашылық үйірмелер, интелектуалдық кездесулер, тәрбие мен даму бағытындағы іс-шаралар өткізіледі. Екі қабатты ғимарат болашақта ауданның мәдени тынысын аша түсер маңызды мекенге айналмақ.

Одан кейінгі аялдама – қазіргі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Оқушылар үйі мен Өнер мектебі болды. 200 оқушыға арналған білім ордасы мен 50 орындық өнер мектебі қыркүйек айында толық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл нысандар аудан балалары үшін қосымша білім мен шығармашылық дамуға үлкен серпін бермек.

Бұдан бөлек, журналистер «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған бизнес-инкубатор жұмысымен танысып, аудандық аурухана жанынан салынудағы МРТ орталығы мен 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысын көрді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы спорт кешені мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы мектептің жаңару барысы да назардан тыс қалмады.

Тур аясында негізгі көшелерді, қоғамдық алаңдарды, вокзал маңын абаттандыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар да таныстырылды. Бұл өзгерістердің барлығы ауданның келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы, Шиелі ауданындағы жүйелі жобалар мен инфрақұрылымдық жаңғыртулар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін нақты қадамдар. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, аудан халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіні анық.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026515 Views

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026102 Views

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026139 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.