Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Талдықорғанда Италияның жетекші жоғары оқу орнының филиалы ашылды

16.07.2025

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Антонелло Де Риу, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шарада ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, филиалдың ашылуы екі елдің жоғары оқу орындарының тарихында ерекше орын алатынын айтты.

«Жетісу облысында бүгінгі таңда «Агрономия» және «Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» бағыттары бойынша қос дипломдық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда жылыжай кешендеріне білікті агрономдар мен цифрлық технологияларды меңгерген мамандар аса қажет. Осы тұрғыда іске қосылған филиал сол қажеттілікті өтеуге жасалған нақты қадам», – деді министр.

Жетісу облысы аграрлық өңір болғандықтан, филиалда ауыл шаруашылығы, тағам инженериясы, туризм, экономика және цифрлық технологиялар бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылады. Бұған қосымша аталған филиал алдағы уақытта Жетісу облысын кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді.

Шара барысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев:

«Біздің өңір – аграрлы аймақ. Сондықтан бізге ауыл шаруашылығына жаңа инновациялар мен озық технологияларды енгізетін білікті мамандар қажет. Осы мақсатта облыс әкімдігі алғашқы кезеңде 14 студентке арнайы грант бөлді. Марке политехникалық университетінің басшылығы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне осы маңызды жобаны қолдағандары үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді.

Өз кезегінде Италияның Қазақстандағы Елшісі Антонелло Де Риу бұл жобаның Қазақстан мен Италия арасындағы ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, тың серпін беретінін атап өтті.

«Жетісу университетімен әріптестік орнату – Италияның халықаралық стратегиясының маңызды бөлігі. Біз білім беру мен ғылыми зерттеу саласында бірлескен жобаларды іске асырып, тәжірибе алмасу арқылы екі университеттің де әлеуетін арттырамыз. Бұл филиалдың ашылуы – тек жаңа мүмкіндіктердің бастауы ғана емес, Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудың нақты қадамы», – деді елші.

Филиалда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Марке политехникалық университетінің ғалымдары мен профессорлары дәріс береді. Сондай-ақ мұнда білім алатын студенттер бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Оқуын сәтті аяқтаған түлектерге екі жоғары оқу орнының дипломы беріледі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.