Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Ауыл аманаты» бағдарламасы: Жамбыл облысында қайтарылған қаражат есебінен 711 жобаға несие берілді
Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: Жамбыл облысында қайтарылған қаражат есебінен 711 жобаға несие берілді

15.07.2025256 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен 5,1 млрд теңгеге 711 жоба несиелендірілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға – 240 жоба, жылыжай кешендерін салу бағытында – 33 жоба, ал басқа да бизнес бастамалар бойынша 438 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

2025 жылы бағдарламаны іске асыруға 5 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы 25 ауыл шаруашылығы кооперативі мен 450 жеке кәсіпкерді қолдауға бағытталып, 525 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Мәселен, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Марат Алғашбек мемлекеттік бағдарлама аясында 9 млн 200 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, газоблок шығаратын өндірістік цех ашты. Жоба шеңберінде бірнеше жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде кәсіпкер өндіріс аясын кеңейтіп, пластик терезе мен есік жасау ісін де қолға алған. Оның айтуынша, ауыл ішінде бұл қызмет түріне сұраныс жоғары.

Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте жүзеге асырылуда. Жоба аясында 847 азамат жеке кәсіпкер атанып, 863 адамды жұмыспен қамтып отыр.

2019–2023 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 42,2 млрд теңге қарастырылды. Бағдарлама игілігін жалпы 62 ауылдық округтің тұрғындары көрді. Нәтижесінде 8 028 азамат несие алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Ауылдық елді мекендерде жалпы 37 044 жұмыс орны құрылды, оның 22 838-і тұрақты.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының қысқаруына оң әсер етті. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша атаулы әлеуметтік көмек 36 259 адамға тағайындалса, 2025 жылдың 1 маусымына бұл көрсеткіш 18 435 адамды құрады. Осылайша бағдарлама нәтижесінде АӘК алушылар саны 17 824 адамға азайып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.