Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қосшыда «AI Тергеуші көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды
Аймақ жаңалықтары

Қосшыда «AI Тергеуші көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

14.07.2025555 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Ішкі істер министрлігі «AI Тергеуші көмекшісі» атты пилоттық жобаны іске қосты. Алғаш болып бұл жаңашылдықты сынақтан өткізген бөлім – Қосшы қаласының полиция бөлімі болды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Жобаның таныстырылымына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сабит Нұрлыбай және ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев қатысты.

«AI Тергеуші көмекшісі» жобасы ведомстволық дерекқорды жаңғыртып, қылмыстық істерді тергеу барысында цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Жаңа ақпараттық жүйе – жасанды интеллектіні ішкі істер органдарының күнделікті қызметіне енгізудің нәтижесі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жоба азаматтарды түрлі қылмыс түрлерінен қорғап қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелер мен сын-тегеуріндерге де дер кезінде жауап беруге қауқарлы.

«Қосшы – заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан қала, бүгінде мұнда 120 мыңға жуық халық тұрады. Пилоттық жоба тергеушінің көмекшісі болумен қатар, қоғамның сұранысы мен үмітіне сай қызмет етуі тиіс. Ең алдымен, ол – процестік шешімдерді жедел қабылдау, азаматтарымызды түрлі құқықбұзушылықтан қорғау және қылмыстарды тез ашу. Біздің тұрғындар жиі хабарласып, әсіресе интернет-алаяқтық бойынша істердің созылып кетуінен қауіптенетінін айтады. Бұл жобаның қала аумағында табысты жүзеге асатынына және нақты нәтиже беретініне сенімдімін», — деді өңір басшысы.

Жоба әзірлеушілерінің мәліметінше, жүйе жеке деректердің қорғалуын және құпиялылықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

«Бұл жоба төрт айдан астам уақыттан бері әзірленуде. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, бар әдістемелер бойынша оқыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Соның негізінде жүйе тергеу әрекеттерінің алгоритмін құрады. Жасанды интеллект негізіндегі көмекші бірнеше модульден тұрады: ЕРДР-ден материалдарды автоматты түрде өңдеу, құқық бұзушылыққа дұрыс баға беру, қылмыстық іс тараптарының өзара байланыс схемасын әзірлеу және қылмыстық істің тергеу жоспарының жобасын дайындау. Қазіргі заманғы қылмыстарды, оның ішінде әлеуметтік желідегі заңбұзушылықтарды тергеу талаптары да ескерілген», — деді жобаны әзірлеуші компанияның өкілі Ерғали Мәбиев.

Бұл бағдарлама тергеушінің орнын баспайды, керісінше оның жұмысын жеңілдетеді. Цифрлық технологиялар куәгерлердің жауаптарын автоматты түрде өңдеуге, оларды тергеу тілінде тіркеуге, әртүрлі тұлғалардың айғақтарын салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба процесуалдық құжаттарды әзірлеуді, деректерді талдауды және болжауды қамтиды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.