Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр
Жаңалықтар

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025331 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ел экономикасы салаларының қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық бірыңғай мемлекеттік құжаттар қоры ұлттық стандарттармен үнемі толықтырылып отырады. Жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурсы 75 924 құжатты құрайды, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары – 9 706, мемлекетаралық стандарттар – 26 мыңнан асады, мемлекеттік органдарда – 2 мыңға жуық, шет мемлекеттердікі – 36 мыңнан асады, халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының 11 ұлттық жіктеуіші бар. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласы стандарттармен қамтылған. Бұл жайында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау және ветеринарияда – 283, ауыл шаруашылығында – 190, машина жасауда – 250, химия және лак-бояу өнеркәсібінде – 302, жеңіл өнеркәсіпте – 361, жол-көлік және т/ж техникасы бойынша – 408, энергетика және электротехника саласында – 417, ақпараттық технологияларда -537ден-астам стандарт бар.

«Әкімшілік – 584, мұнай және газ аралас өндіріс – 664, тамақ өнеркәсібі – 642, құрылыс материалдары мен құрылыс кешендері – 698, қоршаған ортаны қорғау, адамды қоршаған ортаның әсерінен қорғау қауіпсіздігі – мыңнан жоғары. Оның ішінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында балалар тағамының сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды регламенттейтін 18 ұлттық және 80 мемлекетаралық стандарттар бар. Балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша 20 ұлттық және 48 мемлекетаралық стандарт қолданылады», – деді спикер.

Бүгінгі таңда ұсынылған хабарламалар тізіліміне сәйкес Қазақстанда 830 халықаралық және шетелдік стандарт қолданылады. Мұндай құжаттарды тікелей қолдану үшін заңнамада белгіленген шарттарды орындау қажет. Қолданыстағы 9 мыңнан астам ұлттық стандарт ауқымы экономиканың түрлі саласын қамтамасыз етеді. Стандарттардың қажеттілігін айқындау мақсатында 2020 жылдан бастап «стандарттау саласында мониторинг жүргізу тәртібі» ҚР СТ 1.62 — 2019 сәйкес экономика салаларында стандарттардың қолданылуын мониторингтеу рәсімі енгізілді.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта стандарттардың 68%-дан астамы қолданылып келеді. Бұл кәсіпорындардың стандарттарды қолдану қажеттілігінің артуын, демек, өнімнің, қызметтердің және процестердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.