Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025611 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестегі жарыспалылықты нығайтуға, сондай-ақ қылмыстық процесті оңтайландыру мен бюрократияны азайтуға бағытталған заң әзірленді. Құжаттағы негізгі өзгерістер туралы ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсініктеме берді.

Думан Сүлейменов атап өткендей, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік елдегі ормандарды заңсыз кесу, жануарларға қатыгездік таныту немесе мал ұрлау сияқты резонанстық оқиғаларға байланысты өзгереді.

«Заңға сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Сталкинг – адамның заңсыз қудалануын білдіреді, ол қоғамға елеулі қауіп төндіреді. Бұл әрекет жәбірленушіге психологиялық жарақат келтіруге бағытталған. Көбінесе қудалау кезінде қорқыту, ар-намысты үлгілеу, тұқырту, қорлау сияқты әрекеттер жасалады, бұл қазіргі Қылмыстық кодексте бөлек баппен жауапқа тартуды талап етеді. Осы ретте мәжбүрлеп заңсыз қудалау үшін жауапкершілікті көздейтін жеке норма көзделмеген», – деді Думан Сүлейменов.

Сталкинг (қудалау) құрамында жаңа қылмыстық құқықбұзушылықты енгізу – өзекті мәселе, себебі қазіргі уақытта қудалау түрлерінен қорғанудың тиімді тетіктері жоқ. Мұндай әрекеттер уақыт өте келе аса ауыр қылмыстарға – физикалық зорлық-зомбылыққа, зорлауға, денсаулыққа зиян келтіруге немесе мүлікті бүлдіруге әкеп соғуы мүмкін. Қудалау үшін, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық саладағы жағдайларда да қылмыстық жауапкершілік енгізу – сталкер физикалық зорлық-зомбылыққа немесе тікелей қауіп төндіруге дейін жетпей тұрып, әлеуетті құрбандарды қорғауға мүмкіндік береді. Бұл адам бостандығы мен қауіпсіздігіне жүйелі түрде нұқсан келтіретін бастапқы, аса қауіпті емес әрекеттерге ертерек әрекет етуге жол ашады.

Спикер некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылып отырғанын айтты. 2019-2023 жылдары әйелдерді ұрлау фактілері бойынша 214 қылмыстық іс қозғалды. Оның 94%-ы тоқтатылды, тек 10 іс қана сотқа жетті. Істерді тоқтату себептерінің бірі ҚР ҚК-нің 125-бабындағы ескерту болып табылады, оған сәйкес тұлға ұрланушыны еркін қалдырса, жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

«Бұл – некеге мәжбүрлеу мақсатында адам ұрлағандардың жәбірленушіні белгісіз уақытқа дейін еркінен тыс ұстап, оның қозғалу еркіндігін шектеп, туыстарымен байланысын үзіп, үгіттеуге тырысып, жиі қорқытып, психологиялық және моральдық қысым көрсетуіне жол ашады. Егер олар жәбірленушіні көндіре алмаса, жай ғана босатып жібереді. Ал құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша істі «ескертпеге» (алып тасталған) сүйене отырып тоқтатады», – деп атап өтті Думан Сүлейменов.

Заң шеңберінде үшінші тұлғаларға төлем құралдарын, банк карталарын заңсыз беру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Сондай-ақ түтінсіз темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), дәмдеуіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымының түрлері кеңейтіледі. Заң жобасында коллекторлық агенттік қызметшілерінің артықшылықтарын теріс пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады. Әуе кемесін басқаруға кедергі жасау үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.20251 717 Views

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.20253 370 Views

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.20252 072 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.2025

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.2025

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.2025

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

30.07.2025

2025 жылдың алғашқы 6 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға өсті

30.07.2025

Ағымдағы жылы алты ай ішінде 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30.07.2025

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты

30.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.