Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді
Жаңалықтар

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025528 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан әлемдік жұлдыздарды тартуды жалғастыруда. Мәселен, Дженнифер Лопестен кейін қазақстандықтарды танымал Backstreet Boys поп-тобы өз өнерімен қуантады. Әртістер бүкіл мансабында алғаш рет біздің елде өнер көрсетеді. Концерт 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді.

Сахнада негізгі құрамның барлық бес әншісі өнер көрсетеді: Ник Картер, Брайан Литтрелл, Эй Джей Маклин, Хауи Дороу, Кевин Скотт Ричардсон. Бағдарламада топтың ең танымал хиттері орындалады. Елордада өтетін концерттің ұйымдастырушысы –  «Астана Концерт».

«2025 жылы Backstreet Boys Лас-Вегастағы Sphere сахнасында үлкен резидентурамен өнер көрсетеді. Backstreet Boys тобы Sphere сахнасында 21 концерт береді. Барлық билет бір күнде сатылып кетті, бұл турды әлемдегі ең көп сатылған турға айналдырды. Турдың бір ерекшелігі – барлық көрермен ақ түсті дресс-кодты сақтайды. Біз де бұл бастаманы қолдауға шақырамыз. Біздің ойымызша, бұл әдемі көрініс болып,  керемет әсер қалдырады», – деді Мәлік Хасенов.

Спикер үш жыл ішінде «Астана Концерт» компаниясы «А» санатындағы 10-нан астам концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша осы концерттерді ұйымдастырумен айналысатын компаниялар тобы 1 млрд теңгеден астам сома салық төлейді. Бұл компанияны бірден креативті экономиканың көшбасшыларының біріне айналдырады. Біз Дженнифер Лопестің концертіне Астана мен Алматыға келетін туристер санын білеміз. Бұл – шамамен 18 мың адам. Backstreet Boys тобының концертінен де осындай нәтиже күтеміз, келушілер саны одан да көп болуы мүмкін», – деп қосты Мәлік Хасенов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді

16.09.202543 Views

Ақтөбе облысындағы заманауи сүт фермасында жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндірілмек

13.09.2025105 Views

Ел өңірлерінде медициналық көмек көрсету сапасы артып келеді

13.09.2025870 Views
Соңғы жаңалықтар

«Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді

16.09.2025

Ақтөбе облысындағы заманауи сүт фермасында жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндірілмек

13.09.2025

Ел өңірлерінде медициналық көмек көрсету сапасы артып келеді

13.09.2025

Қазақстанда 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды

13.09.2025

Елдегі 8 аурухана көпбейінді орталық аудандық ауруханаға айналды, тағы 12 аурухананы өзгерту жоспарланған

13.09.2025

Медициналық кадр тапшылығы жоғары өңірлерде дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілмек

13.09.2025

Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады

13.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.