Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді

02.07.2025

«Шымкент – Самара» тас жолында полицейлер Land Rover көлігін тоқтатып, жолаушылардың бірінен 400-ден астам дозаға тең синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген рейд кезінде Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның жанынан есірткіге ұқсас зат салынған 30 түйіншек табылған. Жедел сараптама олардың синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Сарапшылардың мәліметінше, тәркіленген заттың салмағы 400-ден астам бір реттік дозаға сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың есірткіні қайдан алғаны және оны қайда жеткізбек болғаны анықталып отыр.

Абзал МАҚАШ

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.