Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Сот алқасы Спорт және туризм министрлігін кінәлі деп тапты

26.06.2025

Өскемендік параспортшы халықаралық жарыстарға қатысып, жүлдемен оралса да оған тиесілі сыйақы берілмегенін айтып, сотқа жүгінген.  

Мүмкіндігі шектеулі спортшы пара-армрестлинг бойынша халықаралық чемпионаттарда ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт клубы атынан шығып жүрген. Айтуынша, ол 2022 және 2023 жылдары Анталья және Алматы қалаларында өткен әлем чемпионаттарында жүлделі орындар иеленген.  Сол кезде оның іссапар шығыны ғана төленіп, ақшалай сыйақы берілмеген екен. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Спорт және туризм министрлігі құжаттарды тапсырудың ресми мерзімінің сақталмауын және жаңа нормативтік актіде көзделген 20 елден қатысушылардың жеткіліксіздігін сылтауратып, спортшыға ақшалай сыйақы төлеуден бас тартқан.

Сот министрліктің бұл әрекетін заңсыз деп тапты. Себебі, 2022 жылы чемпионат кезінде бұл талап болғанын ескере отырып, оны қолдануға да мүмкін еместігін жеткізді. Сондай-ақ сот қолданыстағы заңға тәуелді актілерде паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларға көтермелеу төлеуге тікелей тыйым салынбағанын атап өтті.

Енді министрлік оған ақшалай сыйақысын беруі керек. Өйткені спортшы ең алдымен мемлекет мүддесі үшін жарыстарға қатысқан. Екіншіден, ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту Конституцияға, халықаралық міндеттемелерге және кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарына қайшы. Сондықтан сот спортшының талаптарын қанағаттандырып, министрлікті ақшалай сыйақыны заңда көзделген тәртіппен төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.