Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарда бар
Жаңалықтар

2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарда бар

26.06.2025329 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ағымдағы жылдың 5 айында азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Өндірістің өсуі байқалады. Мәселен, қызылша қант 13,7 есе, өсімдік майы 19,1%-ға, сары май 12,7%-ға, шұжық өнімдері 11%-ға,  ұн 6,6%-ға, ашытылған сүт өнімдері 4,3%-ға,  өңделген сүт 4%-ға, ІҚМ, ұсақ мал еті 1,4%-ға артқан. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы, қайта өңдеу саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ет, сүт, күріш, жүгері, күнбағыс, қарақұмық сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу және тамақ өнімдерін өндіру көлемін 2028 жылға 4,5 трлн-ға теңге дейін ұлғайту жоспарда бар.

«Біз азық-түлік тауарларымен өзімізді іс жүзінде толық қамтамасыз етіп отырмыз – негізгі тауар санаттары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан 100%-ға және одан да жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті  көлемде өндіріледі. 2024 жылы АӨК-те қайта өңделген өнімнің үлесін арттыруға бағытталған 2024–2028 жылдарға арналған Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Осылайша, өткен жылдан бастап алғаш рет қайта өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру іске қосылды. Былтыр осы бағытқа 35 млрд теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетін болады», – деді спикер.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында 83 сүт-тауар фермасы қаржыландырылып, оның 47-сі іске қосылды. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірісте оң динамика байқалады. Мәселен, құс еті өндірісі 358,7 мың тоннаны құрап, 6,8%-ға артты. Шұжық өнімдері өндірісі 4,8%-ға өсіп, 71,9 мың тоннаны құрады. Балық және балық өнімдері 65,2 мың тонна көлемінде өндірілді, бұл 2023 жылғы деңгейден 9,5%-ға артты. Сыр мен ірімшік өндірісі 48,2 мың тоннаны құрап, бір жыл ішінде 7,4%-ға өсті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.