Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

СЫР ЕЛІНДЕ «ТАҒЗЫМ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

26.06.2025
Бүгін «Өнер орталығында» Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері Досхан Жолжақсынов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменованың шығармашылық кеші өтті.
Шығармашылық кешті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық музейдің директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аймақтың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады.
Салтанатты шарада облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық театр және кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
«Досхан Жолжақсыновтың есімі аталса, әрбіріміздің көз алдымызға «Бандыны қуған Хамит» фильмі келеді. Бұл фильм қазақтың қайсар ұлы Хамиттің Отанына берілген адал бейнесімен қымбат. Душанбеде өткен кинофестивальде актер ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін жүлде жеңіп алғанын жақсы білеміз. Қазақ киносы аталса, Шәкен Айманов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, бүгінгі Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов есімдері ойымызда тұрады. Ардақты Досхан ағамыздың да осы қатарда өз орны бар.
Еліміздің дарынды перзенті – екі жүзден астам рөлдерді сомдаған актер. Біржан сал, Құнанбай, «Көшпенділердегі» Қалден Серен, «Алтын күздегі» Мұрат рөлдері актер Досхан Жолжақсыновтың талантын талай қиырға танытты, соңынан ерген жастарды кино алаңы мен үлкен сахнаға талпындырды. Бұл кейіпкерлер екі дәуірдің жастарын патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиеледі. Досхан Жолжақсынов белгілі актер ғана емес, шебер орындаушы ретінде де халық арасында танымал. Домбырасын қолға алғанда рухтанып, қазақ деген талантты халықтың таза болмысын көз алдыңа әкеледі», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кеште көрермен назарына «Құнанбай» және «Біржан сал» көркем фильмдерінен үзінділер ұсынылды. Бұл туындылардағы тарихи көріністер мен ұлттық құндылықтар шығармашылық кештің мазмұнын байыта түсті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова халық әндерінен шашу шашып, «Ахау керім», «Жүрші, сәулем» сынды дәстүрлі әндермен қатар, «Біз әлі кездесерміз», «Найзағай көңіл», «Махаббат арман» атты лирикалық шығармаларды орындады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменоваға қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, облыс әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.