Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

25.06.2025310 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысында Премьер-министр Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
«Үлкенді сыйлау, мәдени мұра нысандары мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту жаңа тәрбие беру парадигмасының құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Бүгіннің өзінде осы бағытта түрлі акциялар, таза ауада жаппай сауықтыру жаттығулары, дөңгелек үстелдер, флешмобтар мен басқа да іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Үлгі боларлық мысалдар мен қоғамдық маңызы бар бастамалар арқылы тәртіпке, салауатты өмір салтына, экологиялық мәдениетке, рухани дамуға бағытталған орнықты, позитивті күн тәртібін қалыптастырған жөн», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, бүгінде мемлекеттік орман қоры аумағына 1,3 млрд, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылған. Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда жылына 3 млн көшет өсіретін орман тәлімбағының құрылысы аяқталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн. гектарға сексеуіл екпелерін егу жөнінде тапсырма берген болатын. 2021-2024 жылдары 659,1 мың гектар алқапқа екпе егілді. Биыл қалған 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдар егу жоспарлануда.
Бұл жұмыстарды атқаруға бюджеттен тыс қаражат тартылды. Өткен жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы 500 млн қаржы бөлсе, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктері мен КАТКО және «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» орман екпелерін өтемдік отырғызу бойынша міндеттемелерді Арал теңізінің құрғаған табанына қайта бөлу үшін бесжақты келісім жасалды. КАТКО бөлген 2,2 млрд. теңге жоспарланған Арал теңізінің құрғаған табанының жұмыс көлемін қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеялар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда.
Аталған жұмыстарға қала, аудандар мен барлық ауылдық елді мекендер белсенді қатысып келеді. Аймағымыздың сәулеттік келбеті жаңарды.
Демеушілер есебінен Қызылорда қаласының орталық алаңы, Жаңақорғанда заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер паркі» пайдалануға берілді. Дәл осындай демалыс орны жақында ғана Қазалы ауданында ел игілігіне табысталды.
Қазір қаламыздағы Президент саябағы, Қорқыт Ата мемориалды аллеясы қайта жаңғыртылуда.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026530 Views

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.20261 026 Views

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026336 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026

Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

30.01.2026

Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.