Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Әлем жаңалықтары»Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр
Әлем жаңалықтары

Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр

23.06.2025148 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы елдің премьер-министрі Кир Стармер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Ол АҚШ-тың іс-әрекетін дұрыс деп санайды, яғни Иранның ядролық нысандарына жасаған соққылары қауіп-қатерді жояды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Стармердің сөзінше, Ирандағы ядролық қару жасаудың ықтимал дамуы әлем елдеріне қауіп төндіріп отыр.

– Иранның ядролық бағдарламасы халықаралық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Иранға ядролық қару жасауға ешқашан рұқсат берілмеуі керек, ал АҚШ бұл қатерді жою үшін тиісті шара қабылдады, – дейді ол.

Стармер өз сөзінде өңірдегі жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығына да тоқталады. Сонымен қатар, Тегеранды дипломатиялық келіссөздерге қатысуға үгіттейді.

– Таяу Шығыстағы жағдай әлі де тұрақсыз. Өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету – басты міндет. Біз Иранды келіссөздер үстеліне қайта отыруға және бұл дағдарысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық шешім қабылдауға шақырамыз, – деп сөзін жалғады Кир Стармер.

Британдық The Telegraph газеті «Ұлыбритания АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған әуе шабуылдарына қатыспаған, десе де премьер-министр Стармер бұл операция жоспарлары туралы алдын ала хабардар болған» деп жазды.

Осыған дейін Иран АҚШ-тың жасаған соққыларына жауап беріп, уран байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Ал Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) бұл әрекет Иран мен Израиль арасындағы зымыран және дрон шабуылдарының одан әрі ушықтыратынын, енді қақтығыстың толыққанды соғысқа айналғанын хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария еткен еді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026419 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.