Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық
Жаңалықтар

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025268 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында жедел жәрдем мобильді бригадаларының жұмыс тәртібі өзгерді. Емхана жанындағы жеделдіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобильді бригадалардың жұмыс қағидаларына өзгеріс енгізілді.

Жеделдіктің 4-сана­тын­дағы шақыр­ту­лар пациенттің өмірі мен денсаулығына тіке­лей, ықтимал қауіп жоқ шақырту саналады. Яғни қан қысымының жоғарылауы, қызу көтерілу, жеңіл жарақаттар сынды пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медицина маманының көмегін қажет ететін жағдайлар. Бұдан былай емханалардың жанын­дағы мобильді бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей­ді. Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыр­тулар емханалардың жұмыс уақытында Медицина­лық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) мобильді бригадаларына қайта бағытталады. 20:00-ден кейін, демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатты шақыртуға бұрынғы­дай жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсете береді.

МСАК мобильді бригадалары ша­қыртуларға шыққаннан бөлек, пациент­тердің үйіне ­жоспарлы түрде барып отырады. Осылайша, тұрғындардың ден­саулығын уақтылы бақылау­ға, әсіресе созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайына жедел ден қоюға мүмкіндік туа­ды. МСАК мобильді бригадалары 25 мың тұрғынға бір бригада есебінен құрылады. Олар пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан, нақты шақырту бо­йынша жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда мобильді бригадалармен арнайы бағыттағы мамандар да бірге болады. Мысалы, балаларға көмек қажет болса, жедел жәрдемге педиатр ілесіп баруы мүмкін. Ересектерге де па­циент жағдайына, аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты кардиолог, невропатолог сынды кәсіби дәрігерлер көмекке барады. Бұл тәсіл пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетудің тағы бір ұтымды жолы.

Жедел жәрдемді шақырту механизмі де өзгеріссіз қал­ды. Кез келген азамат 103 нө­мі­­рін теру арқылы шұғыл меди­циналық көмекке қоңырау шала алады. Пациенттің жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайда жедел жәрдем брига­дасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан жылдам жетеді. МСАК мобильді бригадасы шақыртуларға 60 минуттың ішінде баруға тиіс. Шақыртудың әр санатына нормативтер бекітіл­ген. Жедел жәрдем бригадалары 1-санаттағы шақыртуға 10 минутта, 2-санаттағы шақыртуға 15 минут, 3-санаттағы шақыртуларға 30 минут ішінде жетуге тырысады.

Биыл еліміздің барлық айма­ғындағы жедел жәрдем қыз­меті 2,1 млн-нан астам ша­қыр­туға барыпты. Ең көп өті­ніш­тер жеделдіктің 4-санаты бойын­ша тіркелген (763 463 ша­қырту). Оның 518 мыңнан астамына МСАК мобильді брига­далары қызмет көрсеткен. Ша­қыртулардың саны 1-санат бо­йынша – 104 443, 2-санат бо­йынша – 642 312,  3-санат бойынша – 574 580 шақыртуды құраған.

Есепті кезеңде сәтті реанимация көрсеткіші 55,6%-ға дейін өскен. Шұғыл көмек көрсетуде де оң динамика байқалады. Ста­тистикалық деректерге зер сал­сақ, жедел жәрдем шақырту­ларының 50%-дан астамы жедел­діліктің 4-санатына жатады. Пациенттің көбі созылмалы аурудың сыр беруіне байланысты көмек шақырады. Осындай шақыртулар көбейгенде жедел жәрдемнің шұғыл көмекке мұқтаж, өміріне қауіп төнген пациенттерге жылдам жете алмайтын сәттері болады. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі де жақсы есепке алып отыр. Сол тұрғыда мамырдағы өзгерістер жедел жәрдемнің жүктемесін оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға, жедел медициналық жәрдем жүйесі­нің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берсе құба-құп.

Жақында Астана, Ал­маты қалаларында жедел меди­­цина­лық жәрдем фельд­шер­леріне арналған смарт-бейне­жетон­дарды енгізу жөніндегі қанат­қақты жоба басталды. Себебі 2019–2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шеккен.  Жаңа жоба медицина қызметкерлері­нің шақыртуларға шығу кезін­дегі қауіпсіздігін арттыруға ба­ғыт­талған. Яғни сала мамандарына жұмыс барысында әлде­кім күтпеген жерден ша­буыл жасаса, жанжал шығарса, агрессия танытса, құқығын заңды түрде қорғауға мүмкіндік молаяды. Бейнежетондарда SOS батыр­масы, геолокация функ­циясы, ­ауысым аяқталғаннан кейін жазба­лар­ды автоматты түрде алу мүм­кіндігі бар. Барлық құрыл­ғы­ орталықтандырылған бас­қару жүйесіне қосылған. SOS сигналы мен бейнесигнал автоматты түрде ІІМ жүйесіне беріледі. Қанатқақты кезең­нің қорытындысы бойынша мұн­дай технология еліміздің басқа да өңірлеріне енгізілуге тиіс. Қауіпсіздікті, ашықтық­ты қамтамасыз ететін технология фельдшерлерге ғана емес, пациенттерге де тиімді. Өйткені олар маманның кәсіби әрі барлық құқықты сақтай отырып қызмет көрсеткеніне көз жеткізеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025839 Views

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025271 Views

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025109 Views
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025

Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр

23.06.2025

Иран АҚШ-ты халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптады

23.06.2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.