Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор
Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор

21.06.2025470 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттік қызметке әлеуеті жоғары жастар қажет. Әсіресе мемлекеттік аппараттың бірнеше салалық кадры күш-жігері мен білімін жұмсайтын қызметкерлердің жаңа легімен толығуға тиіс. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервін (ПЖКР) жасақтауды тапсырған еді. Қазір олардың саны жыл сайын артып, барлығы дерлік түрлі қызметке орналасқан.

Резервшілер 2019 жылдан бастап іріктеле бастады. Сол жылы 300 адамды бірден қабылдап, 2021 жылы – 50, 2023 жылы 50 жас Президенттік жастар кадр резервінің қатарына қосылды. Іріктеу екі жыл сайын өткізіледі. Биыл да 50 адам қабылданады.

Жалпы, мемлекеттік қызмет қол жетпейтін салаға айналмауға тиіс. Ел басқару ісіне озық ойлы, бастамашыл мамандар келуі қажет. Президенттің көздегені – осы. Қазір 400 резервшінің 80 пайызы қызметке орналасқан. Жастар кадр резервіне қабылданатын 35 жасқа дейінгі азаматтар кез келген уақытта лауазымды қызметке тағайындала алады.

«Қазақстан – балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Президенттік жастар кадр резерві сұранысқа ие жобаға айналды. Келешекте мемлекетті басқарушылар­дың негізгі легі осы жас мамандардан қалыптасады. Саяси реформалар аясында Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар үшін арнайы квота енгізілді. Бұл өкілдік билік қызметіне тың серпін берді. Осы жерге жиналған білімпаз, отаншыл жас­тар мәслихаттың немесе Парламенттің құрамына кіретініне, тіпті Үкіметте жұмыс істейтініне кәміл сенемін», деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа адамдар» жастар форумында сөйлеген сөзінде.

Президенттік жастар кадр резерві­нің биылғы кандидаттары алты сала­лық бағыт бойынша бақ сынайды. Мем­ле­­кет­тік қызмет істері агенттігінің мәліме­ті­не сәйкес, іріктеу мемлекеттік аппарат­тың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды негізгі салалар бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

Осы жылдағы төртінші іріктеудің ерекшелігі де осы – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізілмек. Яғни резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізіледі.

Ал кандидаттарға қойылатын жалпы талаптарда өзгеріс жоқ. Бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары секілді кандидаттардың жасы 35-тен аспауы қажет, сондай-ақ жоғары білімді, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен болмауы керек.

Іріктеуге Президент тағайындаған адамдар, саяси қыз­метшілер, «А» кор­пусының мемлекеттік әкімшілік қыз­метшілері жіберілмейді.

Негізі Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру тәсілдері отандық және шетелдік озық тәжірибені ескере отырып әзірленген. Іріктеудің бірқатар құралдары мен технологиялары Сингапур, АҚШ, Ұлыбритания, Канада секілді дамыған елдерде қолданылады. Сондай-ақ іріктеудің отандық тәжірибесі бірқатар елде таныстырылып, шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болған.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025159 Views

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025201 Views

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025148 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025

Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді

26.12.2025

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

26.12.2025

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды

26.12.2025

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.