Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2029 жылға қарай елде шығарылатын бүкіл қорғасын іште өңделмек
Жаңалықтар

2029 жылға қарай елде шығарылатын бүкіл қорғасын іште өңделмек

18.06.2025333 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінде еліміздегі мыс саласында ішкі өңдеу қарқынды дамып келеді. 2021 жылы Қазақстанда шығарылатын мыстың 5,3 мың тоннасы іште өңделсе, былтыр бұл көрсеткіш 13,2 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы өңдеуді арттырып, 16,2 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған. Қазір 16 кәсіпорын  мыспен қамтамасыз етілуде. Мәселен, қуат трансформаторларын орауға арналған сымдар шығару көлемін жалпы өткен жылға қарағанда 31%-ға, мыс катанкасын және дөңгелек жалпақ прокат өндіру көлемін 29%-ға ұлғайту көзделген. Бұл жайлы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, қазір 460 мың тоннаға жуық мыс өндірілсе, 2029 жылға дейін соның 91 мың тоннасын іште күрделі өңдеуден өткізу жоспарда бар.

«Келесі металл – қорғасын. Қорғасын бойынша осы шараның негізінде өткен жылдың аяғында «Asma Industrial» деген өңдеу өнеркәсібін іске қосқан болатынбыз. Ол – Қазақстандағы аккумулятор батареясын шығаратын екінші зауыт. Бұл батареялар бұрынғыдай тек автокөліктерге ғана арналмаған, өнеркәсіптік батареялар болып табылады. Ішкі тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету шарасының негізінде қорғасынды іште өңдеу көлемін арттырдық. Қазіргі таңда біз 81-100 мың тонна қорғасын шығаратын болсақ, қорғасын көлемі 42 мың тоннаға дейін артатын болады. Жалпы, 50%-ға жуық қорғасын іште өңделеді», – деді спикер.

Нәтижесінде 2029 жылға қарай қорғасынды іште өңдеуді 100%-ға жеткізу көзделген.

Еліміздің мырыш саласында да өсім байқалады. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мырышты ішкі қайта өңдеу көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 55%-ға артып, 3,6 мың тоннаны құрады. Мырышты өңдеу нәтижесінде терезе-есік жабдықтарын шығару көлемін 606 тоннадан 840 тоннаға дейін  жезден жасалған фурнитура шығаруды 119 тоннадан 920 тоннаға дейін, жол қоршауларын шығару көлемін 911 тоннадан 1 520 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.