Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай ауданында екі ауылға ауыз су құбырлары тартылады
Аймақ жаңалықтары

Абай ауданында екі ауылға ауыз су құбырлары тартылады

19.06.2025153 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ягодный және Садовое ауылдарына алғаш рет су құбырлары тартылады.

«Екі ауылда да 200-ден астам адам тұрады. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін әр үйге су тарту жобасы әзірленді. Оған магистральды желілер тарту, су айдайтын мұнаралы сорғы станцияларын орнату кіреді»,  деді құрылыс бөлімінің бастығы Бахтияр Мырзалов.

Ягодныйда нысан маусым айының соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Ал Садовоеда әзірге жұмыстар жартылай ғана жасалған –  4,2 км су құбырының 1,7-сі төселіп, 21 құдық орнатылған. Жұмысты толық аяқтау қыркүйек айына жоспарланған.

Ауыл тұрғындары орталықтандырылған су жүйесінің қосылуын асыға күтіп жүр.

«Біз мұндай өзгерістерге өте қуаныштымыз. Өзіміздің су құбырымыз болса да, біресе сорғылар жанып кетіп, біресе басқа да ақаулар пайда болатын. Енді үйге су желісі қосылса тіптен тамаша ғой», дейді Садовое тұрғыны Нина Павлющенко.

Шағын елді мекендерде блокты-модульді су тазарту станциялары орнатылады. Жон, Тасзаимка, Восход, Суармалы, Пахотный ауылдарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұңғымалар дайын, станциялар құрастырылып жатыр, жабдықтар шілде айында жеткізіледі.

gov.kz

Осылайша, Абай ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы толық аяқталады.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.