Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫР

15.06.2025

Жаңақорған ауданының тұрғыны Наурызбай Айымбетов ауылда тұрғанымен қарап жатпай, өз кәсібін бастаған. Ол «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 3 944 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылыжай тұрғызған. Бүгінде бұл жерден қияр мен қызанақ өнімдері алынып, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатылып келеді.

«Жылыжай – бір күндік тірлік емес. Күнделікті күтім, уақтылы бап, тұрақты еңбек қажет. Қазір өзіміз күтіп-баптап отырмыз. Отбасымызбен бірге істейміз. Бастысы – халық разы, өнімге сұраныс бар, – дейді кәсіп иесі.

Жылыжайдың жалпы көлемі ауыл тұрмысына бейімделген. Жылы мезгілде өнім молырақ алынса, қыста да қажетті жағдай жасалған. Қазіргі таңда қияр мен қызанақтың көлемі өсіп келеді және қосымша шабдалы, анар, жержаңғақ секілді пайдалы өнімдердіде өсіреді. Алдағы уақытта өнімдерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бұл кәсіп – тек отбасының табыс көзі емес, ауыл ішіндегі азық-түлікке деген сұранысты да азайтып отыр. Сырттан тасымалданатын өнімге қарағанда, жергілікті әрі жаңа үзілген көкөніске сұраныс жоғары. Осы арқылы ауылдың азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қосылып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасының да көздеген негізгі мақсаты аулдағы ағайынның тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған еді. Демек, жоба өз нәтижесін беруде деп толық айтуға болады.

Ауылда отырып-ақ, кәсібін дөңгелетіп, қоғамға пайдасын тигізіп отырған Наурызбай Айымбетовтың игі бастамасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік беріп, жастардың еңбекке деген көзқарасын өзгертуге сеп болары сөзсіз.

Атап өту керек, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында өткен жылы облысқа 2,5 млрд. теңге қаражат бөлініп, өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық — түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге берілген болатын.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.