Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

13.06.2025
Бұқар жырау ауданының Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Бұл пункттер медициналық көмектің сапасын жақсартуға сеп болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Ауыл медицинасын дамыту – мемлекет саясаты басымдықтарының бірі. Ел Президентінің тапсырмаларын орындау үшін медициналық нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша жүргізілуде.

Екі жаңа ФАП арқасында Үштөбе ауылдық округінің мыңнан астам тұрғыны қадамдық қолжетімділікте базалық медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Енді тұрғындарға дәрігерлерден кеңес алу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ.

Бөлмелердің іші кең, ересектер мен балаларды қабылдау үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Дәрігерге дейінгі, процедуралық, егу кабинеттерімен де жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін пандус, шақыру түймесі және қозғалыс индикаторы да қарастырылған.

Сарыарқа ауылында 900 адам тұрады. Мұнда науқастар бұрын бейімделген бөлмеде қабылданды.

Үштөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Жазира Сағымбекова жаңа ФАП-та қабылдауды медбике жүргізетінін, аптасына үш рет тексеруге дәрігер келетінін айтты.

– Мен Сарыарқа ауылына Қарағандыдан келдім. Мен ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға көмектесемін. Мұнда заманауи кабинеттер мен жабдықтар бар. Тұрғындар тағайындалған ем ала алатын жақсы физиокабинет те, бар. Дәрігерлік қабылдау да қарастырылған, оның ішінде бейінді мамандар да бар, – дейді медбике Береке Болат.

Құрылыс ауылында 700-ге жуық адам тұрады. Жаңа ФАП салынғанға дейін ауыл тұрғындары да бейімделген бөлмеде қабылданды.

Енді олардың заманауи медициналық мекемеде медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар.

Бұқар Жырау ауданында бүгінде орталық аудандық ауруханадан басқа 13 дәрігерлік амбулатория, 16 ФАП және 25 медициналық пункт жұмыс істейді. Шалғай ауылдарға жедел көмекке келу үшін 28 санитарлық автокөлік бар. Ауданда 305 медициналық маман жұмыс істейді, оның ішінде 12 жас дәрігер «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы қызмет етуде. Медициналық көмекті жақсарту және кадрларды тарту жұмыстары да жалғасуда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.