Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда
Аймақ жаңалықтары

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда

09.06.2025207 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Бүгін облыс жастары Тараз қаласы Әулиеата ауданы 9 шағын ауданда «Таза аула» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар тұрғындарымен бірге аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Белсенділер тарапынан экологиялық акция шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Акцияға қала тұрғындарының атсалысуы бізді қуантады. Біз табиғатты аялауды, қоршаған ортаны қорғауды өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс – бұл туған жерге деген махаббаттың көрінісі. Тазалық – тәртіптің, мәдениеттің, өркениеттің белгісі. Тазалықты әр үйден, әр көшеден, әр жүректен бастауға шақырамын» – деді Тараз қалалық жастар орталығы директорының орынбасары Камал Тұрлыхан.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Атап айтқанда, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Суханбаев атындағы саябақта, Қордай ауданы Қордай ауылында Жасыл саябағында, Меркі ауданында «Меркі» тау шатқалында, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында «Жеңіс» саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Облыс көлемінде іске асып жатқан көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы аясында «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала»  «Үлгілі аула» конкурстары өткізілуде.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Телеграмм-бот ашылғалы бері жалпы 542 өтінім түскен. Жыл басынан бері акция аясында 803,8 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 79,2 мың тұрғын үй аулалары мен 2,7 мың  шақырым көшелер тазаланып, 6,1 мыңнан тоннадан аса қоқыс шығарылды. 286,9 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 641,1 мың шаршы метр саябақ пен сквер аумақтары тазартылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.