Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Ипотеканы қай банктен алған тиімді?
Басты жаңалықтар

Ипотеканы қай банктен алған тиімді?

09.06.2025859 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ипотека алу үшін бастапқы жарнаға қаржы керек. 20,30,50 пайыз бастапқы жарна болса, пәтер алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы Aikyn.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1-қадам. Бюджетіңізді есептеңіз.

Ай сайын қанша төлей алатыныңызды анықтаңыз.

Бастапқы жарна (пәтер құнының 20 %-ы) ретінде қанша сома бере алатыныңызды есептеңіз.

2-қадам. Сәйкес келетін ипотекалық бағдарламасы бар банкті таңдаңыз.

Мөлшерлеме, несие мерзімі және бастапқы жарнаны салыстырыңыз.

Банктердің шарттары, мөлшерлемесі және талаптары толық көрсетілген шолулар:

Жаңа құрылыстарға ипотека – 2025: барлық банктің шарттары

Екінші нарықтағы баспанаға арналған ипотека: барлық банктің шарттары

Жер үйге арналған ипотека – 2025: барлық банктің шарттары

Кеңес: ең алдымен жалақыңыз түсетін банктен бастауға кеңес береміз. Кейде банк өз клиенттеріне төмен мөлшерлеме ұсынады.

Жаңа құрылыстан қарастырып жатсаңыз, банк қандай құрылыс компанияларымен серіктес екенін біліңіз. Мұндай жобаларда тиімді шарттар болады.

3-қадам. Банк алдын ала мақұлдауы керек.

Банк нақты бір пәтерді есепке алмай, төлем қабілетіңізді бағалайды.

Банк сізге бере алатын несие сомасын және ай сайынғы төлем мөлшерін есептеп береді.

4-қадам. Пәтер табыңыз.

Пәтер іздегенде банк талаптарын ескеріңіз. Бұл уақытыңыз бен ақшаңызды (мысалы, кепілақы беріп қойғанда, банк ипотека бермесе) үнемдеуге көмектеседі.

Жалпы талаптар:

1. Салынғанына 50 жыл болмаған үй;

2. Қайта жоспарлау кезінде заңдастырылмаған немесе тыйым салынған болмауға тиіс.

Кеңес: пәтер іздегенде Krisha. Kz-тегі сүзгіні пайдаланыңыз: салынған жылы мен материалын таңдауға болады.

5-қадам. Пәтерді мамандарға бағалатыңыз.

Өзіңізге лайық пәтер тапсаңыз, мамандар оны бағалауы керек. Онсыз банк ипотека бермейді.

Бағалайтын компаниялардың тізімін нақтылап алыңыз.

Қызмет құны шамамен 20 000 теңгеден басталады, оны сатып алушы төлейді.

Сатушы бағалаушыны пәтерге кіргізіп, деректерді салыстыру үшін құжат көрсетуі қажет.

Бағалау актісі 2 күнде дайын болады, сол құжатпен банкке өтінім жіберуге болады.

6-қадам. Банкке өтінім жіберіңіз.

Өтінім жіберу үшін мынадай құжаттар керек:

• Жеке куәлік;

• Соңғы 6 айдағы табыс туралы анықтама;

• Еңбек шарты немесе жұмыс орнынан анықтама;

• Неке/бала туралы куәлік (бар болса);

• Бағалау актісі.

Пәтер құжаттары (сатушыдан алу керек):

• Меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (мысалы, сатып алу-сату, сыйға тарту, жекешелендіру келісімшарты және т. Б.);

• Техпаспорт (жер үй болса жер телімінің мемлекеттік актісі де қажет);

• Ауыртпалықтар жоқ екені туралы анықтама.

7-қадам. Банк мақұлдауы керек

Банк барлық құжатты қарап, бәрі дұрыс болса, ипотеканы мақұлдайды.

Яғни, мәміле жасалады.

Бұл кезеңдегі маңызды құжат – кепілхат. Банк несие беретінін және ақшаны сатушыға аударатынын растайды. Ол мәміле кезінде қажет болады.

8-қадам. Кепілақы рәсімдеңіз.

Кепілақыны ипотека мақұлданғаннан кейін берген жөн.

Алдын ала беретін болсаңыз, қолхатта былай көрсетіңіз: «Банк ипотека бермеген жағдайда, кепілақы қайтарылады».

9-қадам. Мәміле күні туралы келісіңіз.

Сатушымен мәміле жасайтын күн мен уақытты келісіп, нотариусқа жазылыңыз.

Некеде болсаңыз, жұбайыңыздың келісімі қажет. Оны нотариус арқылы немесе онлайн рәсімдеуге болады. Бағасы – 1.5 АЕК (5 898 теңге).

10-қадам. Сатып алу-сату келісімшартына қол қойыңыз.

Мәмілені нотариус рәсімдейді.

Ипотека арқылы алатындар үшін сатып алу-сату келісімшартының құны – 4 АЕК (15 728 теңге). Нотариус қызметінің ақысы – келісім бойынша (мәселен, екі тарап тең бөліп төлейді немесе бір тарап толық төлейді).

Келісімшартта сатушының банк шотының нөмірі жазылады және оған кепілхат қоса тіркеледі.

Қол қойғаннан кейін нотариус меншік құқығын тіркеуге өтінім жібереді, ал сіз мемлекеттік баж салығын төлейсіз:

• Қарапайым – 1 202 тг (3 жұмыс күні ішінде дайын болады);

• Жылдам – 5 000 тг (2 сағатта дайын болады).

Нәтиже: eGov. kz порталындағы жеке кабинетіңізге меншік құқығы туралы анықтама келеді,  бұл – пәтердің енді сіздің атыңызға тіркелгенін растайтын құжат.

11-қадам. Банкте ипотека және кепілзат келісімшарттарына қол қойыңыз.

Енді екі келісімшарт рәсімдеу қажет:

1. Ипотека келісімшарты.

2. Кепіл шарты.

Бәрін бір күнде банк бөлімшесінде жасауға болады. Жұбайыңыздың нотариус куәландырған келісімі қажет.

Кепіл шартына ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Мемлекеттік тіркеу үшін 2 АЕК (7 864 теңге) төленеді.

12-қадам. Пәтерді сақтандырыңыз.

Сақтандыру полисін міндетті түрде ипотека мерзімі аяқталғанша жыл сайын жаңартып отыру қажет.

• Орташа баға – жылына 70 000 тг (35 млн тг тұратын пәтер үшін).

13-қадам. Есеп айырысыңыз.

Ипотека келісімшартына қол қойған соң банк сатушының шотына ақша аударады. Бұған әдетте 1–3 жұмыс күні кетеді, бірақ заң бойынша 14 күнге дейін созылуы мүмкін.

Мәміле қанша уақыт алады

Орта есеппен – 5–7 күн.

Барлық қосымша шығын шамамен 150 000 теңгені құрауы мүмкін (пәтердің бағасына, отбасылық жағдайға және рәсімдеу мерзіміне байланысты өзгереді):

• Пәтер бағалау – 20 000 тг;

• Нотариус қызметі – 15 000–20 000 тг;

• Мемлекеттік баж – шамамен 10 000 тг;

• Алғашқы жылға сақтандыру – 70 000 тг.

Жаңа пәтер иесіне 1414 нөмірінен коммуналдық қызметтерді өз атына ауыстыру туралы SMS келеді. Оны бір-екі қадаммен оңай жасауға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Сенат Палата отырысында маңызды заңдар топтамасын қарайды

09.06.2025718 Views

HR Enbek порталында электрондық ұжымдық шарт жасауға болады

09.06.2025630 Views

Павлодар облысында 700-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

09.06.2025243 Views
Соңғы жаңалықтар

Сенат Палата отырысында маңызды заңдар топтамасын қарайды

09.06.2025

HR Enbek порталында электрондық ұжымдық шарт жасауға болады

09.06.2025

Павлодар облысында 700-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

09.06.2025

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда

09.06.2025

Ипотеканы қай банктен алған тиімді?

09.06.2025

260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

09.06.2025

«Масқара, Сәкен Майғазиев бұлай жасайды деп ойламаппын»: Әнші ұлының тойын халыққа 1380 теңгеге сатты

09.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.