Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 25 ЖЫЛ» ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

02.06.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырымдық даңғыл бойында қызу жұмыс басталған болатын. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд 656 млн теңге, қажетті қаржы толық бөлініп, қазіргі таңда оның 4 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.
Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолдың негізі жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бойындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бұған қоса, бұрынғы екі жолақ жол төрт жолақты болып кеңейтіліп, ені 14 метрге дейін ұлғайтылды.
Жол бойында 8 балалар ойын алаңы мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Жағалау аймағы абаттандырылып, серуендеуге қолайлы инфрақұрылым орнатылды. Даңғыл тек инженерлік тұрғыдан ғана емес, эстетикалық жағынан да жаңарды. Жол жиегі түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, көз тартарлық суреттермен безендірілген.
Әрі қарай даңғылдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2,9 шақырым жаңа жол салу көзделген. Бұл бағытта да өзен бойындағы қорғаныс бөгеті күшейтіледі. Жобаға 5,3 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС қолға алған. Мұнда да төрт жолақты автожолмен қатар, ені 3 метрлік жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.