Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

ТЖМ өкілі судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті

23.05.2025
Суға батып кету оқиғаларының 95%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде болады. Осы тұрғыда ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде халықты тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырды.

Оның айтуынша, қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік департаменттердің сайттарында, 2ГИС қосымшасында орналастырылған.

«Бүгінгі күні еліміздің су көздерінде 698 демалыс орны бекітілді. Қазір 458 жеке жағажай, 227 коммуналдық, 13 нысан туризм мен спорт үшін пайдаланылуда. Әкімдіктермен 84 орын құру жұмысы жүргізілуде. Барлық коммуналдық жағажайларға кіру тегін. атқарыған кешенді жұмыстың арқасында жыл сайын қайтыс болғандар саны азайып келеді. 2021 жылдан бастап өлім-жітім алдыңғы 2024 жылмен салыстырғанда 51%-ға төмендеді. Дей тұрғанмен, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 4 жылда 843 адамның өмірі судан қиылып отыр. Оның 260-ы – балалар», – деді спикер.

ТЖМ өкілі азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

«Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды, шамаңыз келгенше, жүзуге үйретіңіз. Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз, мас күйінде шомылмаңыз, жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан асып кетпеңіз. Шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз. Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз. Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз. Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз, қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз», – деді ТЖМ өкілі.

Оның пайымдауынша, осы қарапайым ережелерді ұстану адам өмірін сақтайды. Сондай-ақ Ақылбек Ахметжанов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 412, 440 және 582-баптары бойынша судағы қауіпсіздік пен тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.